Қазіргі заманғы бессайыстан ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Темірлан Әбдірайымов «Таңшолпан» бағдарламасына қонақ болып, жарыстағы өнер көрсетуі туралы айтып берді.

Эфирде Темірлан Азиадада өнер көрсеткенде қолданған спорттық құрал-жабдықтарын көрсетіп, әсерлерімен және жарыстың кадр тысында қалған сәттерімен бөлісті.

Еске салайық, Қазақстанның ерлер құрамасы қазіргі заманғы бессайыстан командалық есепте қола жүлдені жеңіп алды. Бұл медаль қазақстандық бессайысшылар үшін Азия ойындарындағы 16 жылдан бергі алғашқы медаль болды.

Видео @qazsport_official, @tansholpan_tv, @qazaqstantv және @abdraimov_0_8 бірлескен жарияланымынан.

Бейне біздің Instagram-да қолжетімді: бейнені көру.

Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.