17 қыркүйек 2026
НАГОЯ (Жапония), 2026 жылғы 17 қыркүйек — Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы жеке біріншіліктің екі жартылай финалдық тобы да аяқталды. 20 қыркүйектегі финалға әр топтан мына түрлер бойынша жинаған ұпай қосындысымен ең мықты 9 спортшы шығады: семсерлесу, жүзу, кедергілер жолағы және лазер-ран. Қазақстанның үш өкілінің барлығы финалға өтті.
A тобы (17 қатысушы)
- Қазбекова Аяна — 5-орын (1363 ұпай)
- Петрова Юлиана — 9-орын (1345 ұпай)
B тобы (16 қатысушы)
- Щедрова Диана — 5-орын (1356 ұпай), өз тобында семсерлесу бойынша жеңіске жетті
20 қыркүйектегі финалда Қазақстан намысын қорғайтындар
- Қазбекова Аяна
- Петрова Юлиана
- Щедрова Диана
Ерлер арасындағы жартылай финал — 18 қыркүйек
Онда Қазақстан намысын қорғайтындар:
- Әбдірайымов Темірлан
- Варёхин Тихон
- Стадник Кирилл
- Чувашов Лев
Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.





