Қазіргі бессайыс бойынша жарыстар екі күнде – 11-12 тамыз өтетін болады. Бірінші күні ерлер, келесі күні әйелдер жарысқа түседі. Ұлыбритания астанасына Ильяшенко мен Сабирхузин 7 тамыз кететін болады.
Бүгін қазақстандық бессайысшылар Павел Ильяшенко мен Рустем Сабирхузин Лондондағы Олимпиада ойындарының алдында өздерінің дайындықтарын жан-жақты өңдеу үшін Польшаға аттанады.
Алматы облысында өтіп жатқан бессайыс бойынша А.Иманов халықаралық турнирінде В тобындағы жасөспірім ерлер арасындағы жарыстарда Қазақстан бірінші командалық орынды иеленді.
Жуыр арада Олимпиадаға кететін біздің бессайысшылармыз белгілі болып, ойындарға белсенді дайындалып жатқан уақытта, біз Қазақстанның ерлер құрамасының тәлімгері Вадим Чудновскиймен әңгімелесуді жөн көрдік.
Соңғы сәтке дейін Қазақстанның бессайыс бойынша ерлер құрамасының барлық тәлімгерлері біздің екінші спортшымыздың Олимпиада ойындарына өтетініне үміттенген еді.
Өткен маусым бойы және осы жылдың жартысы ішінде отандық бессайысшылар төртжылдықтың басты жарысына өту үшін қажет болатын рейтингтік ұпайлар үшін күресті. Лицензиялық кезең маусым айының басында мәресіне жетті.
Өткен аптада Қазіргі бессайыстың халықаралық федерациясы (UIPM) алдағы отызыншы Олимпиада ойынына қатысушылардың түпкілікті тізімін жариялады. Олардың тізіміне бір қазақстандық Рустем Сабирхузин ілікті.