НАГОЯ (Жапония), 2026 жылғы 20 қыркүйек — қазіргі заманғы бессайыстан Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияның Айти-Нагоя өңірінде өткен XX жазғы Азия ойындарында командалық біріншілікте қола жүлдегер атанды.

Бұл — қазақстандық бессайысшылардың Азия ойындарындағы 16 жылдан бергі алғашқы медалі: алдыңғы жүлдені ел құрамасы 2010 жылы жеңіп алған болатын.

Турнир финалына бұған дейін жартылай финал кезеңінен сәтті өткен төрт қазақстандық спортшының бәрі шықты.

Жеке есептегі нәтижелер

  • Темірлан Әбдірайымов — 7-орын
  • Тихон Варёхин — 9-орын
  • Лев Чувашов — 13-орын
  • Кирилл Стадник — 18-орын

Командалық есеп

Командалық есепке үздік үш нәтиже енді: Тихон Варёхиннің, Темірлан Әбдірайымовтың және Лев Чувашовтың нәтижелері. Қазақстан құрамасы 4647 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді.

Әйелдер

Әйелдер арасындағы турнир финалында Қазақстан намысын Юлиана Петрова (14-орын), Аяна Қазбекова (17-орын) және Диана Щедрова (18-орын) қорғады. Командалық есепте құрама төртінші орын алып, тұғырға аз-ақ жетпеді.

Ерлер командалық біріншілігіндегі қола медаль Азиада-2026-ның алғашқы жарыс күнінде Қазақстан еншісіне тиген екінші жүлде және ел құрамасының жалпы медаль есебіндегі төртінші марапаты болды.

Қазақстанның қазіргі заманғы бессайыс федерациясы жаттықтырушылар штабы мен құраманың барлық спортшыларын Азия ойындары-2026-дағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтап, жан аямас еңбегі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс білдіреді!

Қазақстанның қазіргі заманғы бессайыс федерациясының Президенті Жәркеев Арман Күншіғарұлына спортшыларға көрсеткен қолдауы мен қазіргі заманғы бессайыстың дамуына бөлген көңілі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.