18 қыркүйек 2026
НАГОЯ (Жапония), 2026 жылғы 18 қыркүйек — Азия ойындарындағы ерлер арасындағы жеке біріншіліктің екі жартылай финалдық тобы да аяқталды. 20 қыркүйектегі финалға әр топтан мына түрлер бойынша жинаған ұпай қосындысымен ең мықты 9 спортшы шығады: семсерлесу, жүзу, кедергілер жолағы және лазер-ран. Төрт қазақстандықтың барлығы финалға өтті.
A тобы (18 қатысушы)
- Варёхин Тихон — 4-орын (1520 ұпай)
- Әбдірайымов Темірлан — 7-орын (1507 ұпай)
B тобы (18 қатысушы)
- Чувашов Лев — 5-орын (1520 ұпай)
- Стадник Кирилл — 8-орын (1486 ұпай)
Осылайша Қазақстан құрамасы сирек нәтижеге қол жеткізді: барлық жеті спортшы — төрт ер адам және бір күн бұрын финалға шыққан үш әйел — Азия ойындарындағы жеке біріншіліктің финалдарына өтті.
20 қыркүйектегі финалда Қазақстан намысын қорғайтындар
- Әбдірайымов Темірлан
- Варёхин Тихон
- Стадник Кирилл
- Чувашов Лев
Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.





